Жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионаты: 12 қыркүйек кімдер шығады

Бокстан әлем чемпионаты: 12 қыркүйек кімдер шығады / фото: olympic.kz

Бүгін, 12 кыркүйекте Ливерпульде өтіп жатқан 2025 жылғы бокстан әлем чемпионаты жалғасын табады. Ширек финалдың қалған жекпе-жектері мен жартылай финалдың ойындары басталады. Қазақстан құрамасынан алты спортшы шаршы алаңға шығып, финал жолдамасы мен медаль үшін таласады.

Алдымен күндізгі сессияда екі ширек финал мен бір жартылай финал өтеді:

16:00

  • 48 келі. 1/4 финал – Назым Қызайбай (Қазақстан) vs Ханна Охота (Украина)
  • 50 келі. 1/4 финал – Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) vs Жадумани Сингх Манденгбам (Үндістан)
  • 60 келі. 1/2 финал – Виктория Графеева (Қазақстан) vs Ребека де Лима Сантос (Бразилия)

Кешкі сессияда тағы үш қазақстандық жартылай финалда өнер көрсетеді:

22:00

  • 65 келі. 1/2 финал – Аида Әбікеева (Қазақстан) vs Грейн Мари Уолш (Ирландия)
  • +80 келі. 1/2 финал – Елдана Талипова (Қазақстан) vs Агата Кацмарска (Польша)
  • +90 келі. 1/2 финал – Айбек Оралбай (Қазақстан) vs Хулио Сезарь Ла Круз (Куба)

Жарыс Qazsport арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстандық боксшылардың барлығы да сенсация жасауға дайын. Әсіресе, тәжірибелі Назым Қызайбай төртінші әлем чемпионатының жүлдесін жеңіп алуды көздейді. Ал ауыр салмақта ел намысын қорғап жүрген Айбек Оралбай кубалық жұлдыз Ла Крузға қарсы сынға түсіп, басты бәсекелестің бірімен кездеседі.