7 айда Астана экономикасына 1,2 трлн теңге инвестиция тартылған

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Астана экономикасына
Астана экономикасына 7 айда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылған / Фото: shutterstock

2025 жылдың 7 айында Астана экономикасына 1,2 трлн теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында Астанада экономикалық өсім қарқын алды. Биылғы 7 айда елордаға тартылған инвестиция көлемі 42%-ға артып, 1,2 трлн теңгеге жетті», – делінген әкімдік хабарламасында.

Соның ішінде жеке инвестициялар 25,4%-ға өсіп, 780 млрд теңгені құраған. Сонымен бірге өңдеу өнеркәсібі саласында да оң өзгерістер байқалған. Мәселен, 2024 жылы өңдеу өнеркәсібі өндірісінің өсімі 10%-дан асып, 2,5 трлн теңгеге жетсе, биыл өңдеу өнеркәсібі саласында жаңа өндірістерді іске қосу есебінен көлемді 7%-ға арттыру көзделген. Биыл өсім 2,6 трлн теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Астанадағы №1 Индустриялық парк те тұрақты өсім көрсеткен. Индустриялық аймақта жалпы құны 336 млрд теңгеден асатын 139 жоба орналасқаны айталады.

«Олардың ішінде 82 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Ал алдағы екі жыл ішінде тағы 57 өндіріс ашылмақ. 2025 жылы 43 млрд теңгеге 21 кәсіпорынды іске қосу және 1,2 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», – делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен бірге №2 Индустриялық парк жобасы іске асырылады. Оның аумағында 500 млрд теңгеден астам сомаға 100-ден астам жоба жүзеге асырылмақ.

Сондай-ақ оқыңыз