
Албания министр лауазымына жасанды интеллекті тағайындаған әлемдегі алғашқы мемлекет атанып отыр.
Gazeta Tema басылымының дерегінше, Diella есімді жасанды интеллект мемлекеттік сатып алуларға жауап береді. Албан тіліндегі «Diella» атауы «күн» деген мағынаны білдіреді.
ЖИ-менеджерді қолдау үшін жаңа бөлім құрылып, мемлекеттік құрылымдарға нейрожелілер енгізіледі. Бұл тендерлердің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етпек.
Басты артықшылығы, ол парақорлық пен лоббизмге жол бермейді.
Жасанды интеллект қазірдің өзінде жұмысын бастап, барлық үкімет отырыстарына қатысып жатыр. Албан үкіметі елде мемлекеттік сатып алу жүйесін толықтай ашық етуге үміттеніп, алдағы уақытта ЖИ-ді одан әрі енгізуді жоспарлап отыр.
Ал Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылғалы отыр.