Lifestyle

Голливуд жұлдыздары арасында «жалаңаш көйлек» сәнге айналды

Фото: Reuters

Голливуд жұлдыздары арасында «жалаңаш көйлектер» сәнге айналды. Дүбірлі шоулар мен үлкен премьерларға актрисалар мен әншілер осындай көйлек киюді әдетке айналдырған. Матасы өте жұқа, тәнге жабысып тұратын көйлектер «naked dress» деп аталады. Бірақ бұл кеше ғана келген тренд емес.

Тренд бастаушы – Мэрилин Монро

Алғаш болып жалаңаш көйлекті киген – әйгілі жұлдыз Мэрилин Монро. 1962 жылы Madison Square Garden-де президент Джон Кеннедидің алдында ән айтқанда, дәл осы көйлекті киіп шыққан. Ең атақты образ ретінде тарихта қалған көйлекті безендіру үшін 2500 ұсақ жылтыр тастар қажет болған

Мэрилин Монро жалаңаш көйлегінде

Бастапқыда мұндай киім үлгісімен шығу бәрінің қолынан келе бермейтін. Екі мыңыншы жылдары голливуд жұлдыздары үшін «жалаңаш көйлек» кию қалыпты дәстүрге айналды. Ең танымал «жалаңаш көйлектің» иесі ретінде әнші Рианнаны атауға болады. 2014 жылы ол «Нағыз стиль символы» деген номинацияны иелену үшін дәл осы үлгіде келді.

Рианна жалаңаш көйлегімен

Алматы мен Астанада дүбірлі концертін өткізген Дженифер Лопес те «жалаңаш көйлек» кигенді ұнатады. 2015 жылы Met Gala-ға дәл осы бейнеде келген.

Дженифер Лопес

Шоу-бизнес тарихындағы ең даулы жалаңаш көйлек киген – рэпер Канье Уэсттің әйелі Бьянка Цензори. Осы жылы Грэмми сыйлығымен марапаттау рәсіміне келген жұлдыздың үсті тура мағынасында жалаңаш болды. Өте жұқа тордан оның жалаңаш денесі тұтас көрініп тұрғаны соншалық, тіпті Google-де ол фотолар цензурадан өтпей, жабық тұр. Ал жұлдызды жұпқа шараға кіруге рұқсат бермеді.

Канье Уэст және Бьянка Цензори жалаңаш көйлекті таныстыру сәтінде

Осыдан кейін жалаңаш көйлекке тыйым салынды. Канн фестивалінде арнайы дресс-код енгізіліп, жұлдыздарға «тым ашық» келуге кеңес бермейтіні айтылды. Бірақ әлі де актрисалар «жалаңаш көйлек» арқылы жұрттың назарын аударғанды жақсы көреді.

Марго Робби

Танымал актриса Марго Робби Лондонда өткенде жаңа фильмінің тұсаукесерінде Armani Privé сән үйі тіккен жалаңаш көйлекпен ел алдына шықты. Көпшілігі бұл киім үлгісін құптаса, кейбірі тым ашық көйлек үшін сынға алды.