Жаңалықтар

Қазақстанда екінші нарықтағы үйлерге арналған цифрлық ипотека іске қосылады

Цифрлық ипотека аясында үйді рәсімдеу де онлайн болады / Фото: kursiv.media архиві

Әділет және Цифрлық даму министрінің бірлескен бұйрығымен «Цифрлық ипотека» пилоттық жобасы іске қосылды. Енді жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша нотариалдық мәмілелерді онлайн ресімдеуге болады.

Сондай-ақ «Цифрлық ипотека» жобасы аясында жылжымайтын мүлікті (екінші нарықтағы тұрғын үй) онлайн түрде сатып алу-сату жөніндегі нотариалдық мәмілені ресімдеу алгоритмі бекітілді.

Процесс алгоритмі келесі кезеңдерді қамтиды:

  1. Ипотекалық несие алу үшін өтінім беру;
  2. Несие беру бойынша алдын ала шарттарды анықтау;
  3. Сатып алынатын жылжымайтын мүлікке қатысты барлық шартты келісу;
  4. Банк немесе платформа тарапынан соңғы шешім қабылдау;
  5. Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын рәсімдеу;
  6. Несие қаражатын беру.
  • Сатып алушы банктің ресми сайтында немесе мобильді қосымшасында «Цифрлық ипотека» бағдарламасын таңдайды.
  • Одан кейін «Екінші деңгейлі тұрғын үй» өнімін таңдап, оның шарттары мен талаптарымен танысады.
  • Кейін онлайн несие калькуляторына тұрғын үйдің құны, бастапқы жарна сомасы мен несие мерзімі сияқты қажетті параметрлерді енгізеді.
  • Сондай-ақ, қарызды өтеу әдісін таңдайды. Ай сайынғы төлемнің алдын ала сомасы автоматты түрде есептеліп, платформада көрсетіледі.

Несие алуға шешім қабылдағаннан кейін, сатып алушы келесі қадамға өтеді. Ол:

  • телефон нөмірі мен ЖСН деректерін енгізеді;
  • барлық қажетті өтініштер мен келісімдердің шарттарымен танысады;
  • «Өтініш беру» батырмасын басады;
  • растау үшін SMS-хабарлама арқылы код алады;
  • SMS-тегі кодты енгізу арқылы банк/платформа өтініштері мен келісімдерін және жеке деректерді жинау мен өңдеуге келісім береді.

 Айта кетейік Freedom Bank «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде бірінші болып ЖШС үшін цифрлық кредитті іске қосты. Енді микро, шағын және орта бизнес иелері үйден шықпай-ақ, 12,6% тұрақты мөлшерлемемен кредит ала алады. Кредит кепілсіз және комиссиясыз беріледі.