
Непалда ауқымды наразылықтардан кейін жаңа уақытша премьер-министр тағайындалды. Бұл қызметке 73 жастағы Сушила Карки келді. Ол – Жоғарғы соттың бұрынғы төрайымы және мемлекет тарихында бұл қызметті атқарған алғашқы әйел.
CNN хабарлауынша, оның кандидатурасын жастар наразылығының қатысушылары қолдап, Discord мессенджерінде дауыс берген.
Айта кетейік, елдегі наразылықтардың басты қозғаушы күші – Gen-Z жастар қозғалысы. Көтеріліс басылып, ішкі пікірталас жүргізгеннен кейін бұрынғы Жоғарғы сот төрайымы Сушила Каркидің басшылығымен уақытша үкімет құру ұсынылды. Бұл ұсыныс Непал армиясы штабының бастығы Ашок Раджа Сигделге жолданған.