
Өрт сөндірушілер робот-құтқарушыны меңгеріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндірушілердің жеке құрамы ерекше техника – өрт сөндіруге арналған робот-құтқарушыны пайдалануды үйренген.
«Оқу-жаттығу барысында мамандар роботтың нақты қалай жұмыс істейтінін көрсетіп, оның мүмкіндіктері мен басқару қағидаттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қашықтықтан басқару пультінен лафеттік оқпан арқылы су беруді көрсетуге ерекше назар аударылды», – делінген ақпаратта.
Бұл робот адам өміріне қауіп төнген жерлерде, жарылыс қаупі төнген немесе зиянды заттары бар аймақтарда өрт сөндіру үшін пайдаланылады. Ол өрт сөндіру заттарын өрт сөндірушілер үшін қауіп-қатерді барынша азайтып, қауіпсіз қашықтықта беруге қабілетті.