Алматыда мектеп салынатынына байланысты тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алматыда мектеп салынатынына байланысты тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды
Алматыда мектеп салынатынына байланысты тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды / фото: видео кадры

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Розыбакиев – Катаев-Радостовец көшелерінің алаңында «CAMH Realty» және «ВЕК-Тұмар» компаниялары жүргізіп жатқан құрылыс тоқтатылды. Әкімдік мәліметінше, бұл осы маңдағы мектеп салынатынына байланысты.

Аталған аумақта мектеп құрылысы қарастыруына байланысты тұрғын үй құрылысының жекелеген жобаларын іске асыру білім беру нысаны үшін жер учаскесінің шекаралары нақтыланғанға дейін кейінге қалдырылған.

Тұрғындармен, сондай-ақ «CAMH Realty» компаниясы мен «ВЕК-Тұмар» ЖШС өкілдерімен кездесу нәтижесінде Сәулет және қала құрылысы басқармасы жобалық құжаттамаға қажетті түзетулер енгізгенге дейін құрылысты тоқтата тұру және шекараларды нақтылау туралы уағдаластыққа қол жеткізген.

«Алдағы уақытта шешімдер қала тұрғындарының мүдделері мен қолданыстағы заңнаманың талабын ескере отырып қабылданатын болады. Бұл мәселе Алматы қаласы әкімдігінің бақылауында», – делінген әкімдік хабарламасында.

Бұған дейін, депутат Алматыдағы 40 қабатты кешен құрылысына тыйым салу бастамасын көтерген.

Сондай-ақ оқыңыз