Алуа мен Әлия құрама қоржынына қос алтын әкелді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алуа мен Әлия құрама қоржынына қос алтын салды
Алуа мен Әлия құрама қоржынына қос алтын әкелді / фото: Ұлттық олимпиада комитеті / Сали Сабиров

Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионаты финалының кешкі сессиясында қос қазақ қызы чемпион атанды.

Алдымен 51 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова қарсылас шақ келтірмей алтын иеленді. Ол финалдық кездесуде түркиялық Бусе Наз Чакыроглудан басым түсті.

Тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша Алуа Балқыбекова екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Бокс кешіндегі кезекті алтынды Аида Әбікеева әкелді. Бұрымды боксшымыз 65 келіге дейінгі салмақтың ақтық жекпе-жегінде өзбекстандық Навбахор Хамидованы жеңді.

Алғашқы екі раунд өзбек қызының пайдасына аяқталды. Дегенмен Аида үшінші раундта жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып алды.

Бұған дейін, Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан чемпион атанса, Назым Қызайбай әлем чемпионатында күміс жүлде алған.

Сондай-ақ оқыңыз