Жаңалықтар

Реттеуші орган Forte Bank-ке Home Credit-ті сатып алуға рұқсат берді

Реттеуші орган Forte Bank-ке Home Credit-ті сатып алуға рұқсат берді
Реттеуші орган Forte Bank-ке Home Credit-ті сатып алуға рұқсат берді /Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (АРРФР) сайтында төрт қаулы жарияланды.

Оның ішінде Болат Өтемұратовқа Home Credit Bank-тің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру, сондай-ақ Forte Bank-ке Home Credit Bank капиталының елеулі үлесін сатып алуға келісім мен рұқсат беру туралы шешім бар.

Бұдан бөлек, реттеуші орган Nova Лизинг компаниясына Home Credit Bank-тің банктік холдингі мәртебесін алуға келісім берді.

2025 жылғы 27 маусымда «ForteBank» АҚ ресми түрде Home Credit Bank-ты сатып алғанын жариялаған. Екі қаржы ұйымын біріктіру шамамен бір жылға созылған.