Кроуфорд «Канелоны» жеңіп, тарихқа енді

Америкалық боксшы Теренс Кроуфорд бокстың жаңа тарихын жазды. Ол бірден үш түрлі салмақ дәрежесінде абсолютті чемпион атағын иеленген алғашқы спортшы атанды.
Бүгін, 14 қыркүйекте өткен жекпе-жекте Кроуфорд мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жеңіп, бірінші жартылай орта, жартылай орта және екінші орта салмақтағы барлық белдіктерді өз қолына жинады. Бұл – төрт белдік дәуірінде бұрын-соңды болмаған жетістік.
Айтулы кездесу 12 раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (116-112; 115-113; 115-113) Кроуфордтың жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Теренс Кроуфорд бокстағы абсолютті чемпиондық мәртебесін жаңа деңгейге көтеріп, спорт тарихында есімін алтын әріппен жазды.
Ал мексикалық жұлдыз осымен үшінші мәрте жеңіліске ұшырады. Ол 2017, 2018, 2022 жылдары үш мәрте қазақстандық аңыз боксшы Геннадий Головкинмен қолғап түйістірген. Тең аяқталған алғашқы жекпе-жектің нәтижесімен көпшілік келіспейді. Екінші кездесуде қарсыластар өте жақын жекпе-жек өткізіп, төрешілердің біреуі тең нәтиже тіркеді, екеуі жеңісті мексикалық спортшыға берген. «Тең нәтиже дәл осы кездесуде тіркелуі керек еді» деп айтқандар бар. Үшінші кездесуде үш төреші де жеңісті Альвареске берген.
Айта кетейік, бүгін әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатының финалдық кездесулері өтеді. Оған елдің 8 боксшысы шыққан. Қазақстандық спортшылардың шаршы алаңға шығатын уақытын мына жерден көруге болады.