Назым Қызайбай әлем чемпионатында күміс жүлде алды
Жарияланды

Қазақстан құрамасының боксшысы Назым Қызайбай Ливерпульде өтіп жатқан әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.
Ол финалдық сында үндістандық Минакши Минакшиге есе жіберді.
Алғашқы раундта Минакши 4:1 есебімен басым түсті. Екінші кезең 3:2 есебімен Назым Қызайбайдың пайдасына аяқталды. Дегенмен төрешілердің шешімі бойынша үндістандық боксшы жеңіске жетті.
Назым әлем чемпионатында үш мәрте топ жарып, бір мәрте қола жүлдеге ие болған. Азия чемпионы атанып, 2024 жылғы Париж олимпиадасында қоле жүлде иеленген.
Финалға шыққан өзге боксшылардың жарыс жолына шығатын кестесін мына жерден көруге болады.