Сабырхан Төрехан қоржынға 5-алтынды салды
Жарияланды

70 келіге дейінгі салмақта Сабырхан Төрехан Ливерпульдегі бокстан әлем біріншілігінің чемпионы атанды.
Ол финалдық жекпе-жекте жапондық Севонретс Окадзавамен кездесті.
Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен Төрехан Сабырхан үшінші раундта қарсыласынан айласын асырып, жеңісті суырып алды.
Осылайша, 19 жастағы Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Бұған дейін, Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан, Алуа Балқыбекова мен Әлия Әбікеева чемпион атанса, Назым Қызайбай әлем чемпионатында күміс жүлде алған.