Наталья Богданова – әлем чемпионы

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Наталья Богданова - әлем чемпионы
Наталья Богданова – әлем чемпионы / фото: Сали Сабиров, ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды.

70 келіге дейінгі салмақта Наталья Богданова ақтық сында аустралиялық Лекеиша Перголитимен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Наталья Богданова еш қиындықсыз қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Натальяның жүлдесі құрама қоржынына салынған алтыншы алтын болды.

Бұған дейін, Сабырхан ТөреханСанжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан, Алуа Балқыбекова мен Әлия Әбікеева чемпион атанса, Назым Қызайбай әлем чемпионатында күміс жүлде алған.

Сондай-ақ оқыңыз