Жаңалықтар

Moody’s агенттігі BCC Invest компаниясының рейтингін көтерді

Фото: REUTERS/Andrew Kelly/File Photo

Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі BCC Invest компаниясының ұзақмерзімді корпоративтік рейтингін Ba2 деңгейіне, сондай-ақ контрагенттің шетел және ұлттық валютадағы тәуекел рейтингін (CRR) Ba2 деңгейіне көтерді. Болжам – «Тұрақты».

Рейтингтің көтерілуіне компанияның стратегиялық жоспарлары мен олардың іске асырылуы, сондай-ақ бас компания – ЦентрКредит Банкінің рейтингінің Baa3-тен Ba1 деңгейіне өсуі ықпал етті.

Агенттік атап өткендей, бас компанияның жоғары кредиттік қабілеті қажет болған жағдайда BCC Invest-ке қолдау көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Компанияның қаржылық көрсеткіштері тұрақты деңгейде сақталуда.

Moody’s мәліметінше, BCC Invest-тің тәуекелге бейімділігі орташа. Компания консервативті инвестициялық саясат ұстанады: портфельдің 95%-ы мемлекеттік бағалы қағаздар мен ірі тұрақты корпоративтік бағалы қағаздарға, соның ішінде квази-егеменді секторға салынған.

Компания қаржыландыру тәуекелін төмен деңгейде ұстайды. Негізінен өз капиталы мен бас компанияның қолдауына сүйенеді.

Сонымен қатар рейтингтер Қазақстандағы капитал нарығының терең еместігін, оның жетілмегенін, инвестициялық циклдердің және ақша-кредит саясатына байланысты тәуекелдерді де ескерді.

2024 жылдың қыркүйегінде BCC Invest алғаш рет Moody’s-тен Ba2 деңгейінде рейтинг алған болатын.

«Рейтингтің көтерілуі – біздің жүйелі жұмысымыздың нәтижесі және дұрыс таңдалған стратегиямыздың дәлелі. Біз тұрақты даму стратегиясын ұстана отырып, бизнестің тиімділігін арттыруды жалғастырамыз», – деді BCC Invest басқарма төрағасының орынбасары Әлібек Оразақов.

BCC Invest – ЦентрКредит Банкінің еншілес ұйымы. Зейнетақы активтерін басқару нәтижесінде биыл 445 млн теңге инвестициялық табыс алған.