Қазақстандықтардың басындағы кредит 25 трлн теңгеге жетті

Қазақстан экономикасына берілген кредиттердің көлемі 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 46,7 трлн теңгені құрап, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 23,8%-ға артты. Бұл туралы Ұлтты банк хабарлайды.
Соның ішінде 21,8 трлн теңге немесе 46,5%-ы бизнеске берілсе, 25 трлн теңге немесе 53,5%-ы – халықтың қарызы.
Кредиттердің басым бөлігі ұлттық валютада рәсімделген. Бүкіл арыздың 41,9 трлн теңгесі немесе 89,8%-ы теңгеде, ал 4,8 трлн теңгесі немесе 10,2%-ы шетел валютасында берілген.
Нарықтағы негізгі үлес банктерге тиесілі, олардың еншісіне барлық кредиттердің 85%-ы тиесілі. Жалпы банктер берген кредит көлемі 39,7 трлн теңгеге жетті.
Қалған 7 трлн теңгені ипотекалық ұйымдар, МҚҰ мен «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниялар берген.
30 қыркүйектен бастап тұтынушылық, кепілсіз онлайн-несие алғысы келгендердің ойлануына қосымша уақыт беріледі.