Жаңалықтар

Қазақстандықтардың басындағы кредит 25 трлн теңгеге жетті

Банктердің экономикаға берген қарызы қанша / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан экономикасына берілген кредиттердің көлемі 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 46,7 трлн теңгені құрап, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 23,8%-ға артты. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлайды.

Соның ішінде 21,8 трлн теңге немесе 46,5%-ы бизнеске берілсе, 25 трлн теңге немесе 53,5%-ы – халықтың қарызы.

Кредиттердің басым бөлігі ұлттық валютада рәсімделген. Бүкіл қарыздың 41,9 трлн теңгесі немесе 89,8%-ы теңгеде, ал 4,8 трлн теңгесі немесе 10,2%-ы шетел валютасында берілген.

Нарықтағы негізгі үлес банктерге тиесілі, олардың еншісіне барлық кредиттің 85%-ы тиесілі. Жалпы банктер берген кредит көлемі 39,7 трлн теңгеге жетті.

Қалған 7 трлн теңгені ипотекалық ұйымдар, МҚҰ мен «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниялар берген.

30 қыркүйектен бастап тұтынушылық, кепілсіз онлайн-несие алғысы келгендердің ойлануына қосымша уақыт беріледі.