Жазғы спорт

Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының финалына шықты

Нора Джеруто әлем чемпионатының финалына шықты / фото: olympic.kz

Токио (Жапония) қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Нора Джеруто іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

15 қыркүйекте әйелдер арасында 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгірудің іріктеу жарыстары ұйымдастырылды. Қазақстан намысын Нора Джеруто мен Дейзи Джепкемей қорғады.

Джеруто мәреге екінші болып келіп, финалға жолдама алды. Ал Джепкемей өз тобының тоғызыншы сатысында қалып, жарыс жолынан шығып қалды. Ережеге сәйкес, финалға тек үздік бес спортшы өтті.

Айта кетейік, 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден әйелдер арасындағы финалдық жарыс 17 қыркүйекте өтеді.

Бұған дейін, Қазақстан құрамасы бокстан әлем чемпионатында бірінші орын алғанын жазған едік.