Қарағанды полициясы пойыздан жүйелі түрде дизель ұрлап келген 17 адамды ұстады

Қарағанды облысының полиция департаменті жүйелі түрде теміржолдың жылжымалы құрамынан дизель отынын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыстық топты ұстау операциясын Ұлттық қауіпсіздік комитеті, облыстық полиция департаменті мен Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген. Сондай-ақ бұл шараға Сұрыптау желілік полиция бөлімі мен Қарағанды облысының көлік прокуратурасы қатысқан.
Нәтижесінде пойыздардан дизель ұрлығына қатысты 28 дерек анықталған. Бұл заңсыздыққа қатысы бар 17 адам күдікті ретінде танылған.
Жедел іздестіру жұмыстары барысында 500 келі дизель отыны, жанармай тасымалдауға арналған бос канистрлер, 7 телефон және есірткісіз заттар тәркіленген. Бұдан бөлек күдіктілерден атыс қаруы мен оған арналған 26 дана оқ-дәрілер анықталды. Бұл қару 2017 жылы Ресей ІІМ-де жоғалғаны туралы тіркелгені белгілі болды.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген министрлік хабарламасында.