Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген.
Президент еліміздегі дінаралық диалогты ілгерілетуге бағытталған бастамаларға тұрақты қолдау білдіріп, бейбітшілік пен келісім құндылықтарын насихаттауда айрықша еңбек етіп жүрген ұйым басшысына алғысын білдірген. Сонымен бірге Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатта дінаралық, сондай-ақ мәдениетаралық келісімді сақтауға ерекше мән беретінін жеткізген.
Тоқаев 22 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі осы сөзінің дәлелі бола алатынын атап өткен. Қазақстанның осында бастамалары негізінде жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға зор үлес қосатынын айтқан.
Сондай-ақ жиында Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы ынтымақтастық пен достықтың беки түсуі жағдай жасалатыны да тілге тиек етілген.
Шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Иса Астана өтетін дәстүрлі съезді адамгершілік құндылықтарын дәріптейтін ерекше пікір алмасу алаңы ретінде жоғары бағалайтынын жеткізіп, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірген.
Тоқаев кездесу соңында Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаның әлемдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға және ислам өркениетін кеңінен танытуға қосқан елеулі үлесі үшін I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.