ChatGPT шығарған OpenAI әлі күнге дейін табысқа шыға алмай келеді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

ЖИ саласындағы техноалпауыт OpenAI әлі табысқа шыққан жоқ. TechSpot жазуынша, рекордты инвестициялар тарып жатқанына қарамастан компания әлі миллиардтаған шығынға батып отыр. 2028 жылы компания түсімі 100 млрд долларға жетеді. Бірақ таза табысқа тек 2029 жылы ғана шыға алады деген болжам жасайды OpenAI басшылығы.

Компания инвестицияны негізінен жеке чип өндірісіне, дата орталықтар құрылысына жұмсайды. Алдағы он жыл ішінде дата орталықтар салуға кемінде 78 млрд доллар бөлуді жоспарлап отыр.

Компанияның ең танымал өнімі, ChatGPT-да, әлі өзін ақтаған жоқ. Чат-ботты 700 млн адам қолданады, бірақ оны ақылы түрде пайдаланатындар үлесі аз. Menlo Ventures зерттеуіне сүйенсек, ЖИ-ді қолданатындардың тек 3%-ы ғана қызмет үшін ақы төлейді.

Бірақ компанияға деген инвесторлар сенімі жоғары. Соңғы жылы OpenAI жалпы 50 млрд доллар қаржы тартты. Жалпы компанияның құны 500 млрд долларға жақындады.

Биыл компания Үндістаннан кеңсе ашуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз