Блогер Ерболат Жанабыловтың үстінен қылмыстық іс қозғалады

Сот Ерболат Жанабыловтың заңсыз лотерея өткізу фактісі бойынша қозғалған әкімшілік ісін тоқтату туралы қаулы шығарды. Бұл істе қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар болғандықтан, іс Экономикалық тергеу департаментіне жолданатын болды.
Еске салсақ ұтысқа 10 машина тіккен танымал блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова мемлекетпен соттасуға дайын екендерін жеткізген еді.
Осыдан соң олардың ісі сотқа кеткен болатын.
5 қыркүйекте блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты сот басталды. Сот барысында Туризм және спорт министрлігі ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті өкілі сотта блогер Ерболат Жанабылов қандай әкімшілік құқықбұзушылық әрекет жасағанын айтып берді. Сол күні Жаңабыловтың курстарды жарнамалағаны үшін әйелінен 1 миллион теңге алғаны белгілі болды.
Қазірге дейін Ерболат Жанабыловтың курсын 6 мыңға жуық адам сатып алған. Курстың құны – 30 мың теңге. Блогер курсты сатып, сатып алғандар арасында 10 автокөлікті ұтысқа қойған.
Ендігіде Туризм министрлігі Жанабыловтың жұбайына қылмыстық іс қозғауды сұрап отыр. Ал блогер Эльмира Төлегенованың адвокаты министрлікті айыптап, істі тоқтатуды сұрады.