Блогер Эльмира Төлегенованың адвокаты министрлікті айыптап, істі тоқтатуды сұрады

Эльмира Төлегенованың адвокат Олег Чернов блогерге қатысты әкімшілік істі тоқтатуды сұрап отыр. Ол Туризм және спорт министрлігіне қарасты ойын бизнесі комитеті бірқатар заңбұзушылықтарға жол беріп отырғанын мәлімдеді.
Адвокат Чернов айтуынша, комитет өкілдері блогерге заңсыз лотерея ұйымдастырды деген айып таққанда бірқатар заң талаптарын өрескел бұзған. Мәселен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған сәтте онымен таныстырмаған. Сондай-ақ хаттаманың көшірмесін тапсырмаған, нәтижесінде Эльмира Төлегенова өзіне қандай құқықбұзушылықтар тағылып отырғанынан бейхабар болған.
«Кейбір дәлелдемелер қазақ және орыс тілдерінде ұсынылғанымен, оған аудармашы қызметін пайдалану құқығы берілмеген. Құқықтары толық түсіндірілмеген. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама бойынша түсініктеме беруге мүмкіндік ала алмаған. Бұдан бөлек хаттамаға ескерту енгізіп, өз дәлелдерін ұсынуына да рұқсат берілмеген деді», — Чернов.
Оның сөзінше, ҚР ӘҚБтК-нің 803-бабының 3-бөлігіне сәйкес, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған кезде іс жүргізу тілі анықталуы тиіс.
«Бұл бұзушылықтар Эльмира Төлегенованың қорғау құқығынан айырды және әкімшілік іс материалдарының рәсімделуінің заңдылығына күмән келтіреді. Мұндай бұзушылықтармен жасалған хаттама дәлел ретінде қабылданбайды және оны кінәлі деп тану туралы шешім негізінде қолдануға болмайды. Осы жағдайда іс тоқтатылуға тиіс», — деді Олег Чернов.
Адвокат сотқа жүгініп, бұл процестің үлгі болуы және әкімшілік өндірістің негізгі қағидалары Қазақстан азаматының барлық құқықтарының сақталуы және қамтамасыз етілуі керектігін айтты.
«Жоғарыда келтірілгендерге сүйене отырып, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманы дәлел ретінде жарамсыз деп тануды, оны істен алып тастауды, Төлегенова Эльмира Данияровнаға қатысты әкімшілік іс жүргізуді тоқтатуды сұраймын. Сонымен қатар, Эльмира Төлегенованың құқықтарына жасалған ауыр және түзетілмейтін процессуалдық бұзушылықтарды жасаған жауапты тұлғаларға қатысты соттың жеке шешімін шығаруды өтінемін», — деді Чернов, процессуалдық бұзушылықтарды жариялай отырып.
Адвокат блогердің әрекеттерінде әкімшілік құқықбұзушылықтың жоқтығын алға тартады. Черновтың айтуынша, жүлде ұтыстары «Zhana Bussines» ЖШС-нің оқыту курсының сатылуын ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған.
Дегенмен Туризм министрлігі Жанабыловтың жұбайына қылмыстық іс қозғауды сұрап отыр.