Жаңалықтар

Талғат Ермегияев мерзімінен бұрын босап шықпайтын болды

Талғат Ермегияев сот шешіміне шағым түсірді/фото: strategy.2025

Сот Талғат Ермегияевтің адвокаты берген жеке шағымы бойынша шешім қабылдады. Бұған дейін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Ермегияев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді. Алайда сот бұл өтінішті қабылдамады.

Содан кейін адвокат Анар Құсайынова Алатау қаласы сотының бұл шешіміне шағым түсірген. 16 қыркүйекте сот шағымды қарап, бұған дейін шыққан шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, 2016 жылдың маусымында Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Сот шешіміне сәйкес, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы пайдасына 5,9 миллиард теңге өтемақы төлеуге міндеттелген.