Қазақстандықтар қазанда неше күн демалады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазанда қосымша бір күн демалыс бар/фото: shutterstock

Қазақстандықтар Республика күніне орай қазанда қосымша бір күн демалады. Биыл 25 қазан сенбіге түсіп тұр, сол себепті демалыс дүйсенбі – 27 қазанға ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.

Елімізде аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер қазанда 9 күн демалып, 22 күн жұмысқа барады. Ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 25 қазан, сенбіде демалады. Ал 27 қазан жұмыс істейді. Осылайша олар қазанда 5 күн демалады.

Республика күнінің тарихы

1990 жылдың 25 қазанында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің №307-XII жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бастапқыда бұл күн мереке ретінде тойланды.

2001 жылы республика күні ұлттық мереке мәртебесін жоғалтып, мемлекеттік мерекелер санатына ауыстырылды. 2009 жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңға өзгерістер енгізіліп, елде Республика күнін мерекелеу тоқтатылды, ал 25 қазан жұмыс күні болды.

2022 жылдың 16 шілдесінде өткен Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды.

Осылайша 25 қазан – ұлттық мерекеге, ал Тәуелсіздік күні, яғни 16 желтоқсан мемлекеттік мерекеге айналды.

Қазандағы кәсіби мерекелер тізімі

Қазанда бірнеше кәсіби мереке де бар. Бұл күндері демалыс берілмейді. Олар:

1 қазан – Радио күні

5 қазан – Мұғалім күні

6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні

10 қазан – Қазақстан кәсіптік одақтарының күні

қазанның үшінші жексенбісі (19 қазан) – Орман шаруашылығы қызметкері күні

19 қазан – Құтқарушы күні

24 қазан – Кітапханашы күні

қазанның соңғы жексенбісі (26 қазан) – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні

29 қазан – Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні.

Сондай-ақ оқыңыз