Министрлік тіс емдету үшін зейнетақы жинағын пайдалануға толық тыйым салуды ұсынды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
БЖЗҚ қаражатын тіс емдетуге пайдалануды толық тоқтату ұсынылды/фото: shutterstock

Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағын тіс емдетуге пайдалану мүмкіндігін алып тастауды ұсынды. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Министрлік бұл бастаманың заңсыз әрекеттерге байланысты ұсынылғанын көрсеткен.

«Бұйрық жобасында зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдалану жағдайларын анықтауға байланысты стоматологиялық қызметтерге (тістерді протездеу, имплантациялау) бір реттік зейнетақы төлемдерін пайдалану жөніндегі норманы алып тастау көзделеді», – делінген бұйрық жобасы мәтінінде.

Жария талқылау 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Айта кетейік, 2025 жылдың 15 қыркүйегінен 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге өтініш қабылдау уақытша тоқтатылды. Оған дейін Қаржы мониторингі агенттігі стоматологиялық қызмет көрсету тәсілімен 200 млрд теңгені заңсыз шығару фактілері анықталғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз