Air Astana «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы сапарларын тегін қамтамасыз етеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Air Astana «Қайратты» тегін тасымалдайды / фото: Air Astana

Air Astana әуе компаниясы алматылық «Қайрат» футбол клубының ресми әуе серіктесі болды.

Келісім аясында ұлттық әуе тасымалдаушысы «Қайрат» командасын Чемпиондар Лигасындағы барлық сырт алаңдағы ойындарына тегін жеткізуді қамтамасыз етеді.

Air Astana басшылығы клубты құрлықтың басты додасына шыққанымен құттықтап, алдағы кездесулерде сәттілік тіледі.

16 қыркүйек күні «Қайрат» Лиссабонға жол тартты. 18-нен 19-ына қараған түні «Қайрат» Португалия астанасында «Спортингке» қарсы алаңға шығады. Бұған дейін «Қайраттың» қақпасын осы ойында жас ойыншы Шерхан Қалмұрза қорғайтынын жазған едік

Сондай-ақ оқыңыз