Аниме қазақ киносын шаң қаптырды: соңғы аптада ең көп касса жинаған фильмдер

Жарияланды 16 Қыркүйек 2025 11:20

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Аниме Qaitadan фильмін шаң қаптырды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

11–14 қыркүйек аралығында Қазақстан прокатындағы ең көп табыс әкелген фильмдер белгілі болды. Бұл аптада анимациялық хит «Истребитель демонов: Kimetsu no Yaiba – Бесконечная крепость» көш бастады. Фильм алғашқы аптада-ақ 318,6 млн теңге жинап, отандық көрермендердің қызығушылығынфң жоғары екенін көрсетті.

Екінші орында өткен аптада рекорд орнатқан «Qaitadan» фильмі тұр. Отандық фильм алғашқы аптада 400 млн теңгеден астам пайда көрсе, екінші аптада да қарқыны басылмай, жалпы табысын 254,4 млн теңгеге жеткізді.

Үшінші орынға жаңа шыққан қазақстандық комедия «Жас емес жұбайлар» жайғасты. Экранға шыққан алғашқы күндері 147,6 млн теңге касса жинады.

Қалған фильмдер нәтижелері:

  • «Заклятие 4: Последний обряд» – 95,6 млн теңге (2 апта)
  • «Қолыңнан келсе алып қаш» – 70,7 млн теңге (4 апта)
  • «Дракула» – 39,3 млн теңге (1 апта)
  • «Зверопоезд» – 26,3 млн теңге (1 апта)
  • «Синий кит» – 17,8 млн теңге (1 апта)

Бұл аптада қазақстандық көрермендер таңдауы екі ьағытта болды: бірі әлемдік хитке айналған жапон анимесі «Истребитель демонов», екінші отандық «Qaitadan» фильміне ден қойды. «Qaitadan» фильмі алғашқы аптада тарихи рекорд орнатып, биылғы жылдың ең табысты картиналарының біріне айналды.

Сондай-ақ оқыңыз