Ливерпульдегі жеңістен кейін боксшы қыздар Алматыға оралды (видео)

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
боксшы қыздар Алматыға оралды / фото: Алматы әкімдігі

Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында үш алтын, бір күміс және екі қола жүлде жеңіп алған Қазақстан әйелдер құрамасын Алматының әуежайында салтанатты түрде қарсы алды.

Алматы спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы чемпионатта ел намысын қорғап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болған боксшыларды ерекше жетістіктерімен құттықтады. Атап айтқанда, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Назым Қызайбай, Елдана Тәліпова және Виктория Графееваның жеңістерін жоғары бағалап, олардың табыстары қазақстандық спорттың абыройын асқақтатқанын айтты.

Әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы үш алтын, бір күміс және екі қола медаль иеленіп, тарихи жетістікке жетті.

Сондай-ақ оқыңыз