Талғарда Шерзаттың атына көше беру ұсынылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Талғарда Шерзаттың атына көше беру ұсынылды / фото: ашық дереккөз

Адвокат Мейірман Шекеев Талғар қаласында қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың атына көше беруді ұсынды. Оның айтуынша, Шерзат қайтыс болған маңдағы көшелердің атаулары қазір Менделеев және Руставели есімдерімен аталады.

«Бұл тұлғалардың Талғарға да, Қазақстанға да еңбегі сіңбеген. Сондықтан мен Талғар қаласының әкімі Арыстан Нұрланұлынан Менделеев көшесін марқұм Шерзаттың атымен атауды ұсындым. Әкім бұл ұсынысқа мүмкіндігінше қолдау білдіретінін айтты», – деп жазды адвокат өз парақшасында.

Еске салайық, 2024 жылдың қазан айында Алматы облысы Талғар ауданында болған төбелес кезінде 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді.

Бұған дейін Қаржаубай Нұрымовтың отбасына демеушілердің қолдауымен үй салынып жатқаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз