Әйелдерді 10 млн долларға алдаған: Грузияда Tinder алаяғы ұсталды

Жарияланды 16 Қыркүйек 2025 12:05

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Tinder алаяғы Саймон Леваев ұсталды / фото: «Tinder алаяғы» фильмінен кадр, бильд-редактор: Дастан Шанай

Грузияның Батуми әуежайында Израиль азаматы, әйгілі алаяқ Шимон Хают қамауға алынды. Бұл туралы жергілікті «Рустави-2» телеарнасы хабарлады. Өзін миллиардердің ұлы ретінде таныстырып, жәбірленушілерге Саймон Леваев деген атпен белгілі болған.

35 жастағы алаяқ халықаралық іздеуде жүрген. Оған нақты қандай айып тағылғаны әзірге жарияланған жоқ.

Әлем Саймон Леваевтің қылмыстары жайлы алғаш рет 2022 жылы Netflix платформасында жарық көрген «Tinder Swindler» деректі фильмі арқылы білді.

Фильмде оның ондаған әйелді Tinder танысу қосымшасы арқылы алдап соққаны баяндалады. Алаяқ өзін алмаз магнаты Лев Леваевтің мұрагерімін деп таныстырып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Әйелдерді қымбат мейрамханаларға апарып, сән-салтанатқа толы кездесулер ұйымдастырып, махаббатқа сендірген. Артынша түрлі сылтаумен ақша сұрап, ірі көлемде қаражат алған соң ізін суытқан.

Шетелдік БАҚ деректеріне сүйенсек, алаяқ әйелдерден жалпы көлемі 10 млн доллардан астам қаржы бопсалап алған.

Сондай-ақ оқыңыз