Мемлекет көмектен бас тартпайды, бірақ жәрдемақы шын мұқтаждарға беріледі – Тоқаев

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Аймағамбетов несиесі бардың бәрін атаулы көмектен қағу дұрыс еместігін айтты
Тоқаев мемлекеттің әлеуметтік көмектен бас тартпайтынын айтты / Фото: kursiv.media архив

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің әлеуметтік көмектен бас тартпайтынын, бірақ жәрдемақы шын мұқтаж отбасыларға ғана берілетінін айтты.

«Мен жолдауда көш-қон мәселесін көтердім. Бір Астананың мысалында көптеген проблемадардың шешілмегенін анық көруге болады. Мәселен, Астанада тұратын 400 мың адам есепке алынбай отыр. Әкімдік бұл азаматтардың мәселесін шешуге міндетті. Оларға көмек көрсетіп, жұмыспен қамтуы керек. 400 мың дегеніміз – бір қаланың халқы іспетті. Оларға 100-ден астам астам әлеуметтік көмек көрсетіледі. Қазақстан әлеуметтік мемлекет саналады. Сол себепті мемлекетіміз әлеуметтік көмектен ешқашан бас тартпайды. Ол біздің конституциялық міндетіміз. Десе де, біз бұл саланы реттеуіміз керек», – деді президент.

Тоқаев мемлкекеттік көмекті тек шын мұқтаж адамдар алуы керек екенін баса айтты. Ал жұмыс істей алатын адамдар еңбектеніп, өзін, отбасын асырауы керек.

«Менің жолдаудағы айтым келгені осы. Өйткені бұлай өмір сүруге болмайды. Астана қаласының жалпы бюджетінің 60%-ы осы әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалады. Сол үшін нақты шешім қабылдап, төлемдерді оңтайландыру керек. Әрине, бұл өзгерістердің ауыр тиетінін білем. Бірақ президент ретінде өзіме жауапкершілік алдым. Мен айтпасам, кім айтады?! Сол себепті ашығын айтып, бұл мәселені шешуді тапсырдым», – деді Тоқаев.

Еске сала кетсек, президент өз жолдауында КСРО ыдырағанына 35 жыл болса да, сол кездері түрлі қақтығыстарға қатысқан адамдарға әлі де көмек көрсету тоқтамағанын, бір қызығы, ондай көмекті алатын адамдардың жасарып бара жатқанын айтқан болатын. Сонымен бірге толық емес отбасыларға көмек беріле бастаған соң, елде ажырасу көрсеткіші күрт көбейіп кеткенін сынға алып, саланы реттеуді тапсырды.

Ал премьер-министр Олжас Бектенов елде масылдық психологияға тосқауыл қойылып, әлеуметтік көмекті орынсыз алып отырған отбасылар анықталатынын айтты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Тұрмысы жақсы көпбалалы отбасыларға мемлекеттен қосымша көмек көрсетілмейтінін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз