
Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясына тарифтерінің көтерілуі мүмкін деген ақпаратқа байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті ресми түсініктеме берді. Комитет тұрмыстық тұтынушылар үшін тарифті көтеру күтілмейтінін хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне 2025 жылдың 25 тамызында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – «ЭнергоСбыт» филиалынан электр энергиясын жеткізу тарифінің алдағы уақытта көтерілуі туралы ресми хабарлама келіп түскен.
Алайда Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-6-бабының 6) тармақшасына сәйкес мұндай шешім жария тыңдаулар өткізілген соң бірақ қабылданады.
Сонымен бірге тариф бойынша шешім өңірдің қазірг уақыттағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып және экономикалық негізделген есептеулер мен құжатталған деректер негізінде ғана шығарылатынын айтылған.
«Қарастырылып отырған хабарлама шеңберінде алдын ала шешім бойынша электр энергиясын тек өз қажеттіліктері үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар үшін тарифті көтеру күтілмейтінін ерекше атап өтеміз», – делінген комитет хабарламасында.
Сондай-ақ комитет Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – «ЭнергоСбыт» филиалынан келген хабарламаны және ұсынылған материалдарды қарау нәтижелері бойынша түпкілікті шешім 2025 жылғы 25 қыркүйегінен кейін бірақ жарияланатынын хабарлады.
Айта кетсек, бүгін, 16 қыркүйек күні «Алатау Жарық Компаниясы» жаңа тарифтік бағалар енгізілетінін хабарлады. Компания тарифтің шекті бағасы 31,85 теңгеден 38,01 теңгеге дейін, 19,3%-ға қымбаттайтынын мәлімдеген еді.