
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның Үстірт аймағында 6,5 км тереңдіктен өте ірі газ кен орны табылғанын мәлімдеді.
Өзбестан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл – ел тарихындағы ең терең бұрғылау нәтижесі.
Өзбекстан тарихында алғаш рет 6 500 метр тереңдікте бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, табиғи газдың мол қоры анықталған. Бұған дейін елдегі геологиялық барлау тек 2 500–3 000 метр тереңдікте жасалған болатын.
Минералдық ресурстар қоры
Мирзиеев Өзбекстанның газдан бөлек, стратегиялық минералдарға да бай екенін атап өтті. Олардың қатарында теллур, литий, селен, графит, молибден, вольфрам, титан және басқалары бар.
Мамандардың бағалауынша, мұндай ресурстардың әлемдік қорының 10–15%-ы Орталық Азияда, соның ішінде Өзбекстанда шоғырланған.
Газ өндірісіндегі жағдай
Институт энергетикасының деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қорытындысында Өзбекстанның дәлелденген газ қоры – 1,97 трлн текше метр.
Алайда өндіріс көлемі төмендеп келеді. 2019 жылы – 59,4 млрд м³, 2023 жылы – 44,6 млрд м³ болды.
Бес жыл ішінде газ өндіру 14,9 млрд м³-ке қысқарған.
Президент пікірі
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев газ өндірісінде инновацияның маңызын атады.
«Бұл ресурстарды құнды өнімге айналдыру үшін ең алдымен ғылым, білім және инновация қажет», — деді ол.
Мұның алдында Энергетика министрлігі Қазақстанда табиғи газ өндіру көлемі азайды деген ақпаратты теріске шығарды.