Жаңалықтар

Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының нақты өтетін уақыты анықталды

Фото: akchabar.kg

2026 жылы Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 89 елден спортшылар мен қонақтардың қатысады деген болжам бар. Бұл туралы Ойын секретариатынан хабарлады.

«Ойындардың ашылуы 31 тамызда Бішкекте, ал жабылу салтанаты 6 қыркүйекте Ыстықкөл жағасында өтеді», – деді секретариат өкілі.

Ойындардың басты іс-шаралары – спорттық жарыстар, мәдени бағдарламалар мен ғылыми пікірталастар – Ыстықкөл жағасында ұйымдастырылады.

Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары – этникалық спорт түрлеріне және әлем халықтарының көшпелі дәстүрлі мәдениетіне арналған халықаралық спорттық жарыс. Жоба 2014 жылы Қырғызстан бастамасымен құрылған, сол жылы алғашқы ойындар өткен. 2022 жылы эстафетаны Түркия қабылдады, 2024 жылы – Қазақстан.