Банк пен қаржы

Қазақстан банктеріндегі депозиттер көлемі 42,8 трлн теңгеге жетті

Фото: ашық дереккөзден

Тамыз айының соңында қазақстандық банктердегі депозиттердің көлемі 42,8 трлн теңгеге жетті. Тамызда депозиттер 403,5 млрд теңгеге ұлғайған, бұл туралы Ұлттық банктің деректерінде көрсетілген.

Қазақстанда жеке тұлғалардың депозиттері жеті ай қатарынан өсіп келеді. Тамызда олар алғаш рет тарихи меже – 24 трлн теңгеден асып, 255 млрд теңгеге көбейді. Қазір жалпы көлемі 24,127 трлн теңгеге жетті.

Шілдедегі төмендеуден кейін компаниялардың депозиттері тамызда 148 млрд теңгеге өсіп, 18,5 трлн теңгені құрады.

Теңгедегі депозиттердің көлемі бір айда 329,7 млрд теңгеге артып, 33,3 трлн теңгеге жетті. Шетел валютасындағы салымдар да көбейгенімен, айтарлықтай емес – 73,8 млрд теңгеге өсіп, 9,5 трлн теңгені құрады.

Айта кетерлігі, жеке тұлғалар жинақтарын негізінен ұлттық валютада арттырған (+284,7 млрд теңге), ал шетел валютасындағы қаражаттарын, керісінше, азайтқан (−29,6 млрд теңге). Бизнес өз салымдарын барлық валюталарда толықтырған.

Жалпы алғанда, теңгедегі депозиттердің үлесі артып, барлық салымдардың 77,8%-ын құрады. Ал шетел валютасындағы салымдардың үлесі 6,4 пайыздық тармаққа қысқарып, 22,2%-ға жетті.