Жаңалықтар

Трамп NYT газетін сотқа беріп, 15 млрд доллар талап етті

The New York Times газетінің Дональд Трамп туралы мақаласы / фото: REUTERS/Stephani Spindel 
The New York Times газетінің Дональд Трамп туралы мақаласы / фото: REUTERS/Stephani Spindel 

АҚШ президенті Дональд Трамп The New York Times (NYT) газетінің сотқа беріп, ар-ұжданына тигені үшін 15 млрд доллар өтемақы талап етті. Бұл туралы ол өзіне тиесілі TRUTH Social әлеуметтік желісіне жазды.

Трамп америкалық ықпалды басылымды солшыл демократтардың қолшоқпарына айналған «ең нашар газет» деп атады.

«Бүгін мен жала жапқаны үшін The New York Times газетіне қарсы 15 млрд доллардың арыз-шағымын өткізу құрметіне болдым. Ол – ел тарихындағы ең нашар, құлдыраған газеттердің бірі. Радикал әрі солшыл демократиялық партияның қолшоқпары», – деп жазды Құрама Штаттар президенті.

Бұған қоса, ол басылымды демократиялық партия атынан сайлауға түскен Камала Харристі қолдағаны үшін де сынады.

«The Times ондаған жылдар бойы өздеріңіздің сүйікті президенттеріңізді (мен!), отбасымды, кәсібімді, «Ең әуелі Америка» қозғалысын, MAGA және жалпы елімізді даттаумен айланысып келеді», – деп жазды Трамп.

Оның атуынша, шағым Флорида штатының сотына түскен. Reuters мәліметінше, президент газетті ғана емес, оның төрт тілшісін, сонымен бірге Penguin Random House  баспаханасын да сотқа берген.

Трамптың адвокаттарының айтуынша, газетте жарияланған мақалалар президенттің «іскерлік және жеке басының беделіне нұқсан келтірген». Заңгерлер шағымда TMTG (Trump Media and Technology Group) акцияларының құлдырауын атап өткен.

Осының алдында NYT Трамп пен Джеффри Эпштейннің байланысы туралы көлемді зерттеу жариялаған. Эпштейн 2019 жылы Нью-Йорк түрмесінде асылып өлді. Ол ұзақ жылдар бойы зорлық-зомбылық жасап келгені үшін сотталған. Трамп болса Эпштейнмен араласуды оның қылмысы әшкере болғанға дейін доғардым деп отыр.