Президент Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты. Жергілікті биліктің мәліметінше, биыл өңірдегі егіс алқабының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 млн гектарға жеткен.
Болжам бойынша аймақтағы агроқұрылымдар 7 млн тоннадан астам дәнді, 650 мың тоннадан аса майлы дақыл жинамақ.

Бүгінге дейін 3,6 млн тонна астық бастырылған. Орта есеппен 1 гектар алқаптан 15,4 центнер өнім алынған.

Қазіргі уақытта өңірде мол өнім беретін майлы дақылдар алқабын ұлғайту жұмыстары жалғасып жатыр.

2023 жылмен салыстырғанда мұндай егістік алаңының көлемі 2,5 есе артып, 495 мың гектарға жеткен.