Жаңалықтар

Тоқаев діни көшбасшыларға климаттың өзгеруіне қатысты құжатты талқылауды ұсынды

Тоқаев діни көшбасшылардың назарын климаттың өзгеруіне аударды/фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 8 съезінде экологиялық апатқа назар аударды.

«Экологиялық апат жағдайында халықаралық бірлік пен жаһандық және өңірлік деңгейдегі үйлестіруді күшейту маңызды. Сондықтан съезд аясында «Діни көшбасшылардың климаттың өзгеруімен күрестегі рөлі» туралы бірлескен құжат әзірлеу бастамасын талқылауды ұсынамын. Құжатта рухани дәстүрлерге негізделген экологиялық жауапкершіліктің ортақ қағидаттары бекітіліп, осал аймақтарға қолдау көрсетуге ерекше назар аударылғаны жөн», – деді Тоқаев.