Тоқаев жасанды интеллектіні дамытуға қатысты дінаралық комиссия құруды ұсынды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 8 съезі өтіп жатыр/фото: shutterstock

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту этикасы жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды. Бұл туралы президент Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 8 съезінде айтты.

Президенттің сөзінше, Дін көшбасшылары адамгершілік құндылықтар мен асқақ мұраттардың сақшысы ретінде адамзаттың цифрлық келешегі туралы пікірталасқа атсалысуы керек

«Кез келген технология адам игілігіне қызмет етуге тиіс. Ол үшін дін көшбасшыларының, ғалымдар мен технократ-инженерлердің тұрақты диалогын ұйымдастыру қажет. Жасанды интеллект еліміздің қарқынды дамуына жол ашады. Әйтсе де этикалық нормаларды сақтаудың маңызын жақсы түсінеміз. Сондықтан бұл бағытта кеңінен ынтымақтастық орнатуға әзірміз. Жасанды интеллектіні дамыту этикасы жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынамын. Ол нейрожелілер мен басқа да серпінді технологияларды жауапкершілікпен пайдаланудың әмбебап қағидаттарын әзірлеумен айналысады. Бұл жерде «алгоритмдерге арналған қағидалар» жинағын әзірлеу туралы сөз болып отыр. Онда адамның қадір-қасиетін құрметтеу, дискриминацияға жол бермеу, аса маңызды шешімдерді бақылауда ұстау мәселелері ескерілуге тиіс», – деп түсіндірді Тоқаев.

Бұған дейін теолог Кеңшілік Тышқанұлы дін саласында жасанды интеллектіні қосымша құрал ретінде пайдаланған жөн деп санайтынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз