Тоқаев Иерусалим Патриархымен кездесті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мемлекет басшысы Иерусалим Патриархы III Феофилмен кездесті/фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Иерусалим Патриархы III Феофилмен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иерусалим Патриархына ілтипат білдіріп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтты. Президент Патриархтың жарқын үндеуі мен мазмұнды ұсыныстары Астана дінаралық форумының рөлін нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Президент қазіргі заманда дін айрықша рөл атқаратынына тоқталып, бейбітшілікті сақтау және дінаралық қарым-қатынас мәдениетін ілгерілетуде дін қайраткерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелгенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы православ діні Қазақстанның рухани өмірінде маңызды орын алатынын атап өтіп, оның ағартушылық, бітімгерлік және қоғамдық миссиясының құндылығына назар аударды.

Айта кетейік, Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 8 съезі өтіп жатыр. Жиын барысында Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту этикасы жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз