
Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінде ядролық қақтығыс қаупі үлкен алаңдаушылық тудыратынын айтты.
«Өкінішке қарай әлемде конструктивті бастамалар мен бітімгерлік саясаттың орнына конфронтациялық шешімдер күшейіп, геосаяси жіктер кеңейіп, әлеуметтік шиеленіс артып жатыр. Осындай күрделі жағдайда, менің ойымша, бас рөлді диалогты дамытуға және өзара түсіністі арттыруға бағытталған конструктивті дипломатия атқаруға тиіс», – деді Тоқаев.
Президент діни көшбасшыларға да үміт артылатынын атап өтті. Тоқаевтың айтуынша, олар саясаткерлерге парасаттылықты, ізгі ниетті және моральдық жауапкершілікті еске салып отыруға міндетті.