Қытай өз IT-компанияларына Nvidia чиптерін сатып алуға тыйым салды – Financial Times

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қытай билігі жергілікті ІТ-компанияларға Nvidia компаниясының жасанды интеллектіге арналған чиптерін сатып алуға тыйым салды. Бұл туралы Financial Times үш дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Қытайдың Киберқауіпсіздік басқармасы (CAC) ByteDance, Alibaba және басқа да ірі технологиялық компанияларға Nvidia-ның Қытай нарығы үшін арнайы әзірлеген RTX Pro 6000D чиптерін сынақтан өткізуді тоқтатуды және тапсырыстарды жоюды тапсырған.

Бұған дейін бірқатар компания ондаған мың осындай чип сатып алуды жоспарлап, Nvidia жеткізушілерімен тестілеуді бастаған болатын. Енді олар бұл жұмысты тоқтатқаны туралы хабарлады.

FT деректеріне қарағанда, шешім Қытайда өндірілетін процессорлардың өнімділігі шетелдік баламаларға жақындады деген қорытындыдан кейін қабылданған.

«Егер бұрын геосаяси жағдай жақсарса, Nvidia чиптерінің жеткізілімі қайта жалғасады деген үміт болса, енді барлық күш ішкі жүйелерді дамытуға жұмсалып жатыр», – деді Қытайлық ІТ-компанияның аты-жөнін атамаған топ-менеджері.

Өткен айда FT жазғандай, Қытай чип өндірушілері келесі жылы ЖИ-чиптердің жалпы өндірісін үш есеге арттыруды жоспарлап отыр. Билік ел ішінде өндірілетін көлем ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жеткілікті болады деп санайды.

Бұған дейін NVIDIA Бейжің үкіметімен келісе алмай, чип өндіруді уақытша тоқтатқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз