Жаңалықтар

Реттеуші «Еуразиялық банк» акционерлеріне ескерту жасады

Фото: ашық дереккөз, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Реттеуші «Еуразиялық банк» акционерлеріне ескерту жасады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Еуразиялық банктің акционері – «Еуразиялық қаржы компаниясы» заң талаптарын бұзғанын анықтаған.

Агенттіктің ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, «Еуразиялық қаржылық компаниясы» «Банктер және банк қызметі туралы» заңның 45-1 және 46-баптарының талаптарын орындамаған. Бұл баптар негізінен қаржылық тұрақтылық пен есептілікке қатысты.

Реттеуші компанияға жазбаша нұсқама беріп, заңбұзушылықтарды жоюды міндеттеді. Мұндай шаралар, әдетте, пруденциялық нормативтердің сақталмауымен (мысалы, өтімділік пен капитал жеткіліктілігі) немесе уақтылы есеп бермеумен байланысты болады.

Банк акционерлері қазіргі кезде өзара соттасып жатыр.

Ал Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі «Еуразиялық банктің`» ұзақмерзімді рейтингін сақтап қалғанымен, болжамын «Тұрақтыдан» «Негативке» өзгертті. 

eGov.kz деректеріне сәйкес, «Еуразиялық қаржы компаниясы» марқұм Әлижан Ибрагимовтың жұбайы – Мұкадасхан, Патох Шодиев және марқұм Александр Машкевичке (2025 жылғы 22 наурызда қайтыс болған) тиесілі.