17 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Синоптиктердің болжамынша, 4 қыркүйекте ауа райы құбылмалы болмақ / Pexels/Tom Swinnen, бильд-редактор: Аружан Махсотова
17 қыркүйекте ауа райы күрт бұзылады / Pexels/Tom Swinnen, бильд-редактор: Аружан Махсотова

«Қазгидромет» синоптиктері 17 қыркүйек, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың айтуынша, Қазақстанның басым бөлігі оңтүстік циклон ықпалында болады. Соның әсерінен көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Ал батыс пен оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде -1°С-қа дейін үсік жүруі мүмкін.

Қалалар бойынша болжам:

  • Астана: 17 қыркүйекте күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, күндіз найзағай күтіледі. Желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +7…+9°С, күндіз +14…+16°С.
  • Алматы: күн бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Түнгі температура +11…+13°С, күндіз +18…+20°С.
  • Шымкент: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Түнде +10…+12°С, күндіз +21…+23°С.

Синоптиктер алдағы күндері республика аумағында ауа райының құбылмалы болатынын ескертеді.

Еске сала кетейік, кеше 16 қыркүйекте қатты нөсерден кейін, Алматыда жол кептелісі 10 балға дейін өскен еді.

Сондай-ақ оқыңыз