
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы тур аясында 16-ынан 17 қыркүйекке қараған түні Лиссабонда «Бенфика» мен «Қарабах» командалары кездесіп, тартысты матч өтті.
Бірінші таймда португалиялық клуб 2:1 есебімен алға шықты. Бенфика сапында Энцо Барренечеа мен Вангелис Павлидис гол соқса, әзербайжандықтардан Леандру Андраде бір голдың авторы атанды.
Алайда екінші таймда «Қарабах» жанкүйерлеріне сенсациялық камбэк сыйлады. Алдымен Камило Дуран есепті теңестірсе, 86-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Алексей Кащук көздің жауын алатын соққысымен «Қарабахқа» жеңіс сыйлады. Есеп – 3:2!
Осылайша, әзербайжандық клуб Чемпиондар лигасындағы сапарын сырт алаңдағы тарихи жеңіспен бастады.
Айта кетейік, Қазақстанның намысын қорғайтын «Қайрат» та Чемпиондар лигасын 18-нен 19 қыркүйекке қараған түні Лиссабонда «Спортингке» қарсы ойында бастайды.