Португалияда «Қайратты» жанкүйерлер ыстық бауырсақпен қарсы алды (видео)
                    
                                                    Жарияланды 
                                            
                                    
                                    
                
                
                             
Португалия астанасы Лиссабон әуежайында алматылық «Қайрат» футбол клубын қазақ жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды. Отандастарымыз ұлттық тағам – бауырсақ пісіріп әкеліп, көк туды желбіретіп, сары жейде киіп, сүйікті клубтарына қолдау көрсетті.
Айта кетейік, 18-нен 19-на қараған түні «Қайрат» Чемпиондар лигасы аясында жергілікті «Спортингке» қарсы алаңға шығады.
