Рыбакина бастаған Қазақстан теннис құрамасы АҚШ командасына қарсы ойнайды
Жарияланды

Ертең, 18 қыркүйекте, Қазақстанның әйелдер ұлттық құрамасы командалық әлем чемпионаты аясында басты фавориттердің бірі – АҚШ командасына қарсы ойнайды. Жарыстар Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы Shenzhen Bay Sports Centre Arena аренасында өтеді.
Құрамдар
Қазақстан:
- Елена Рыбакина — №10 WTA / №263 (жұптық)
- Юлия Путинцева — №61 WTA / №106 (жұптық)
- Зарина Дияс — №233 WTA / №1074 (жұптық)
- Жібек Құламбаева — №302 WTA / №128 (жұптық)
- Анна Данилина — №13 WTA (жұптық)
Капитан: Юрий Щукин
АҚШ:
- Джессика Пегула — №7 WTA / №71 (жұптық)
- Эмма Наварро — №18 WTA / №1497 (жұптық)
- Маккартни Кесслер — №38 WTA / №47 (жұптық)
- Хейли Баптист — №50 WTA / №134 (жұптық)
- Тейлор Таунсенд — №1 WTA (жұптық)
Капитан: Линдсей Дэвенпорт
Америкалық команда — турнирдің 18 дүркін жеңімпазы. 1976–1982 жылдар аралығында қатарынан жеті рет чемпион атанған. Қазақстан құрамасы алғаш рет 1995 жылы сынға түссе, тек 2022 жылы ғана әлемдік топта дебют жасады.
Бұл жолы екі құрама тарихта алғаш рет өзара кездеседі. Қазақстан әйелдер құрамасы қазіргі таңда Billie Jean King Cup әлемдік рейтингінде 6-орында тұр. Бұл – біздің құрама тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Ал АҚШ құрамасы рейтингте 3-орында.