Қазақстанда бензин жыл басынан бері 13%-ға қымбаттаған

Жарияланды
Business News бөлімінің аға тілшісі
Business News бөлімінің тілшісі
Астанада бензин бағасы күрт көтерілді / фото: Жанболат Мамышев, бильд-редактор Дина Карамчакова
Астанада бензин бағасы күрт көтерілді / фото: Жанболат Мамышев, бильд-редактор Дина Карамчакова

Астана қаласындағы жанармай құю бекеттерінде Аи-92 бензинінің бір литрі шамамен 233 теңгеден сатылып жатыр. Биыл ақпанның басында ғана, мемлекет баға шегін реттеуді алып тастаған уақытта жанармайдың осы түрі 205 теңге тұратын.

Осылайша, жеті жарым айдың ішінде Аи-92 бензинінің бағасы 13,7%-ға көтерілгенін көріп отырмыз. Бұл қаңтар-тамыз айларында 8,5% болған ресми инфляциядан әжептәуір жоғары көрсеткіш.

Атап айтқанда, Qazaq Oil жанармай құю бекеттерінде Аи-92 бензинінің бір литрі 233 теңге, Аи-95 – 276 теңге, Аи-98 – 314 теңге, ал дизель отыны 319 теңгеден сатылып жатыр.

Compass желілеріндегі баға: Аи-92 – 233 теңге, Аи-95 – 290 теңге, Аи-98 – 335 теңге.

Фото: Жанболат Мамышев

Бұл уақытта «Аурико» станцияларында Аи-92 бензинінің бір литрі 233 теңге, Аи-95 – 283 теңге, Аи-98 – 325 теңге, дизель отыны 321 теңге тұрады.

Gas Energy желісіндегі баға: Аи-92 – 231 теңге, Аи-95 – 282 теңге, дизель отыны – 325 теңге. «Асқар» жанармай құю бекетіне кірсеңіз, мынадай бағаны көресіз: Аи-92 – 229 теңге, АИ-95 – 275 теңге, дизель – 319 теңге.

Фото: Жанболат Мамышев

Осылайша, дизель отынының бағасы ақпанның басынан бері шамамен 10,2%-ға көтерілгенін байқап отырмыз. 

Көрші елмен салыстырар болсақ: Ресейде бензин жыл басынан бері 7,2%-ға көтерілген (биылғы инфляция 4%).

Қыркүйектің басында ғана Қазақстан үкіметі мұнай өнімдерін экспорттауға тыйымды 2026 жылдың ортасына дейін ұзартты.

Республикада жанармай бағасына қатысты мәселеге парламент депутаттары да үн қатқан.

2025 жылғы жазда Қазақстанда автогаз бағасы 10%-ға көтерілгені мәлім болған.

Сондай-ақ оқыңыз