Lifestyle

Назарбаевтың келіні несиеге той жасайтындар туралы айтты

Фото: youtube.com/@aida.balance, бильд-редактор: Дастан Шанай

Аида Әлиева қазақтың аста-төк той жасайтын әдеті туралы пікір айтты. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні үйлену тойы үшін несие алатындарды түсінеді.

Әлиеваның пікірінше, әр қазақ шаңырақтағы қуанышқа көпшіліктің ортақтасқанын қалайда. Бірақ тойды да көп қаражат жұмсамай-ақ өткізуге болар еді. Ең бастысы – той өткеннен кейін бірнеше жылға созылып кетуі мүмкін қиыншылыққа дайын болу.

«Бізге, қазақтарға, балалардың үйлену тойы – өмірдегі ең үлкен қуаныштардың бірі. Сол себепті көпшілігі оны өткізу үшін кредит алады. Бірақ мына нәрсені ұмытпаған жөн: қарыз алған екенсің, оны өтеу үшін бірнеше жыл аянбай еңбек етуге тура келеді», – дейді Әлиева.

Қазақстанның бірінші президентінің келіні екі жерде жұмыс істесе де, бес жыл бойы тойдың қарызын өтемеген таныстары барын айтып қалды.

Коллаж: Kursiv.Media

Жақында Аида Әлиева күйеуі Нұрәлимен бірге достарының аста-төк тойына қатысты. Некелесу рәсімі кезінде алдыңғы қатарда әнші Фаррелл Уильямсқа ұқсайтын бір жас жігіт отырды. Кеш қонақтары үшін танымал әртістер өнер көрсетті. Олардың арасында әйгілі тенор Андреа Бочелли де бар. Айтқандай, Италия әншісі биыл қазанда Алматыда концерт береді.

Аида Алиева — экс-министр, ОСК-ның бұрынғы басшысы Берік Имашевтың қызы. Ол 2023 жылы Дариға Назарбаеваның ұлы, «елдің ең жас миллионері» Нұрәли Әлиевке үйленген.

Бұған дейін Kursiv.Media Әлиеваның туған күнді Мәскеуде атап өткені туралы жазған.

Қазақстандағы дәулетті азаматтардың әйелдері немен айналысатынын білгіңіз келсе, Kursiv.Media-тың осылай деп аталатын мақаласын оқыңыз.